Сайрамдық ұстаз дзюдодан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Сайрамдық ұстаз дзюдодан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Дзюдо

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Таразда спорт шеберлері арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Спорттық сайыста еліміздің облыс-қалаларынан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген спортшылар да бағын сынады. Түркістан облыстық құрамасы атынан бақ сынаған Сайрам ауданындағы №96 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, денешынықтыру пәні мұғалімі Сүндетқұл Егембердиев үздіктер қатарынан көрінді. Ол 55-60 жас аралығында +100 келі салмақта күш сынасып, жүлделі 2-орынға қол жеткізді. Нәтижесінде сайрамдық ұстаз АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.