Түркістан: Сауранда жаңа футбол алаңы ашылды

Түркістан: Сауранда жаңа футбол алаңы ашылды
Футбол

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысының Сауран ауданындағы Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенінде футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Аталмыш іс-шарада сөз сөйлеген ауыл әкімі Тахир Абдаев спорт алаңы жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет ететінін айтты. Сондай-ақ ауыл ақсақалдары осындай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Салтанатты шарадан кейін жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футболдан Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогы өтті. Оған аудан аумағынан 10 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Жаңа Иқан командасы жеңімпаз атанды. Ал, Ескі Иқан ауылынан келген «Иқан жастары» командасы екінші, М.Юлдашев атындағы спорт мектебі командасы үшінші орынға ие болды.