Қазақ баласы дзюдодан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақ баласы дзюдодан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Дзюдо

Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні ерлер -60, -66 кг, әйелдер 48 кг, 52 кг және 57 кг дейінгі салмақта жүлдегерлерді анықтады. Ұлттық құрама сапынан 7 спортшы татамиге шығып, бесеуі жүлдеге таласты.

Ғалия Тынбаева 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Абужақыновадан басым түсіп, қола медаль жеңіп алды. Бұл белдесуде Абиба 3 ескерту алып, 5-орынды місе тұтты. Ол осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада (2022 жыл) өткен құрлық чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Осыдан кейін Нұрқанат Серікбаев (60 кг) қола жүлде үшін таласта голден-скорда моңғолиялық дзюдошы Цогт-Очир Бямбажавтан жеңіліп қалды. Нұрқанат ширек финалда өзбекстандық Достон Рузиевтен басым болғанымен, келесі кезеңде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегер Ян Юнвэйге есе жіберді.Очир күндізгі сессияда жұбаныш белдесуінде Елдос Сметовті ұтқан.

Медаль жолындағы екі қазақ дзюдошысының жолы 66 кг дейінгі салмақта да түйісті. Жанарыс Рахметқали тәжірибелі отандасы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсіп, 3-орыннан көрінді. Бұл Жанарыстың ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысы. А

л Ғұсман 2019 жылы Фуджейрада (60 кг), 2022 жылы Астанада (66 кг) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады. Ертең әйелдер -63 кг, -70 кг, ерлер -73 кг, 81 кг дейінгі палуандар күш сынасады.