Дзюдодан Азия чемпионаты: Ғалия Тынбаева қарсыласы Абиба Әбужақынованы жүлдесіз қалдырды

Дзюдодан Азия чемпионаты: Ғалия Тынбаева қарсыласы Абиба Әбужақынованы жүлдесіз қалдырды
Дзюдо

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әйелдер арасында 48 келі салмақтағы қола медальға Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова таласқан болатын.

Кездесуде Тынбаева жеңіске жетіп, құрлық додасында үздік үштікке енді.

Ал биылғы маусымда қатысқан барлық жарысында жүлде алған Абиба Әбужақынова Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.