Екі қазақ баласы Азия чемпионатының финалында күреседі

Екі қазақ баласы Азия чемпионатының финалында күреседі
Күрес

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатына финалына өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

87 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан жартылай финалда өзбек балуаны Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен, мерзімінен бұрын жеңді. Есеп - 5:0. Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов ирандық Насер Гасем Ализадамен белдеседі.

Былтырғы Азия чемпионатының ақтық сынында қазақ балуаны ирандыққа есе жіберген болатын. Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Тұрсынов Ализадені 9:4 есебімен жеңді.

63 келі салмақта белдескен Ержет Жарылқасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық балуан жапониялық Аята Сузукимен күреседі.

Бішкектегі Азия чемпионатының финалдық кезеңі сағат 17:00-де басталады.