Күрестен Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан жартылай финалға шықты

Күрестен Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан жартылай финалға шықты
Күрес

Күрес түрлерінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында екі балуанымыз жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz. Еркін күрестен 57 келіде сынға түсіп жатқан Мейрамбек Қартбай ширек финалда өзбек балуанын ұтты. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - жапондық Кенто Юмия.

97 келідегі Ризабек Айтмұхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда өзбек балуанын айқын басымдықпен жеңді.

Өкінішке қарай, 65 келідегі Санжар Мұхтар мен 70 келідегі Мейіржан Әшіров ширек финалда қарсыластарына есе жіберді.

Ал 79 келідегі Азамат Өміржанов бірінші белдесуде моңғол балуанын ұтылған.