Қазақстан құрамасының екі ойыншысы «Барыс» сапынан кетті
Хоккей
shaiba.kz
Шайба.kz мәліметінше, қорғаушы Егор Шалапов пен шабуылшы Дмитрий Гурков «Барыс» сапынан кетеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Екі хоккейші де астаналық клуб қатарында соңғы сегіз жылын өткізді. Елорда командасының шабуылшысы Әлихан Әсетов Instagram-да әріптестерімен түскен суретін жариялап, оларды «нағыз қазақтар» деп атады.
Тоғыз жыл біргеміз, оттан да, судан да, баллондармен жаттығуды да бірге өткіздік. Кездескенше, жігіттер, - деді хоккейші.
Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы қорғаушы Егор Шалапов «Барыс» сапында 330 матчта 34 (4+30) ұпай жинады. Қазақстан құрамасында 39 матч өткізіп, 6 ұпай (1+5) жинады.
27 жастағы шабуылшы Дмитрий Гурков «Барыстағы» 209 ойында 26 ұпайды өз еншісіне жазды. Қазақстан құрамасы үшін 31 кездесуде 9 нәтижелі пас берді.