Недовесов Мексикадағы ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 4-ракеткалары, аустралиялықтар Макс Перселл – Джордан Томпсонмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте аустралиялық жұп брейк жасап кетті – 7:5. Екінші сетте матч тағдыры тай-брейкте шешілді, бұл жолы да аустралиялықтардың асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2).
Бұл қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы ATP додаларындағы алғашқы финалы болатын.