Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында бесінші орын алды

Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында бесінші орын алды

pixabay

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесудің сапы сайысы бойынша Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Сайыс барысында Қазақстанның ерлер құрамасы 34 ұпаймен 5-орынға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақпарат мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы сапында Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов жарыс жолына шықты. Қазақстандық спортшылар 1/16 финалда Швецияны 45:36 есебімен сүріндірсе, 1/8 финалда 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болған Испанияны 45:43 есебімен орта жолда қалдырып кетті.

Ал 1/4 финалда Венгриянға 28:45 есебімен жеңіліп қалды. Аталған құрама сапында әлем чемпиондары Мате Кох пен Гергей Шикло өнер көрсетеді. Одан кейін 5-8-орын үшін сайыста Чехияны 45:33, Украинаны 45:34 есебімен тізе бүктірді.

Енді Әлем кубогының шешуші кезеңі 24 наурыз күні Тбилисиде (Грузия) өтеді. Сәуір айының басында әлемдік рейтинг (50 мемлекет) бойынша бастапқы 24 құрама Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.