Лицензиялық турнирге қатысатын кубалық боксшылар анықталды

Лицензиялық турнирге қатысатын кубалық боксшылар анықталды
Бокс

©AIBA

Бокстан Куба құрамасының бапкерлер штабы Бусто-Арсициода (Италия) өтетін лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Биылғы алғашқы олимпиадалық іріктеу аламанына Кубаның ерлер құрамасы мына құраммен қатысады: Алехандро Кларо (51 кг), Эрисланди Альварес (63,5 кг), Хорхе Куэльяр (71 кг) және Фернандо Алехандро Арсола (+92 кг).

Бұған дейін Париж жолдамасына Сайдель Орта (57 кг), Арлен Лопес (80 кг) және Хулио Сесар Ла Крус (92 кг) иелік етіп қойған. Олар Панамерикандық ойындарда үздік шықты. Бұл жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады.

Біздің құрам мынадай: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг).

Турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.