Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль иеленді

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль иеленді

ҚР ҰОК

Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Манамада (Бахрейн) өткен Азия чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық спортшылар екі медаль еншіледі. Жарыстың қорытынды күнінде семсерлесу қыздарымыз шпага сынында күміс медальға қол жеткізді. Амина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская Азия біріншілігінде екінші орын алды.

Сонымен қатар тағы бір шпагашымыз Кирилл Проходов күміс жүлдегер атанды.