Эден Азар Месси мен Роналдуды салыстырды

Эден Азар Месси мен Роналдуды салыстырды
Футбол

©Marca.com

Бельгия құрамасының, "Челси" және "Реал" клубтарының ойыншысы Эден Азар АҚШ-тың "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси мен "Әл-Наср" жұлдызы Криштиану Роналдуды салыстырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Егер футбол жайлы айтар болсақ, мен үшін Месси үздік. Бұған қатысты адамдардың пікірі саналуан. Бірақ Роналду - GOAT, ол голдардан тау тұрғызып, түрлі трофейлер алып келді. Қазір оның жасы 39-да, ол әлі 50-ге дейін ойнайды, - деді Азар Daily Mail-ге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Роналду "Әл-Наср" сапында ойнайды. Оның клубпенкелісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

Ал Месси 2023 жылғы жаздан бері МЛС-де жүр. Оның да келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.