Левандовски Тьерри Анридің рекордын жаңартты

Левандовски Тьерри Анридің рекордын жаңартты
Футбол

championat.com

«Барселона» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски каталон командасының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анридің рекордын жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Барселонаның» баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сельтамен» өткен ойында Левандовски клуб сапында өзінің 50-голын соқты. Осылайша ол «Барселона» жейдесін киіп 49 рет мергендік танытқан французды басып озды.

Естеріңізге сала кетейік, Испания чемпионатының 25-турында «Барселона» мен «Сельта» арасындағы кездесу Вигадағы «Балаидос» стадионында өтіп, каталон клубының жеңісімен аяқталды – 2:1. Бұл ойында Левандовски дубль авторы атанды.

Биылғы маусымда польшалық каталон клубының сапында барлық турнирде 33 матчқа қатысып, 17 гол соқты және алты нәтижелі пас берді.