«Әл-Хиляль» Роналдудың клубын жеңді

«Әл-Хиляль» Роналдудың клубын жеңді
Футбол

Спорт-Экспресс

Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы жолдастық кездесуде «Әл-Насрды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жеңімпаздар сапынан Сергей Милинкович-Савич пен Салем Әл-Давсари мергендік танытты. Ал Малком нәтижелі паспен көзге түсті.

«Әл-Насрдың» басты жұлдызы Криштиану Роналду алаңға негізгі құрамда шыққанымен, айтарлықтай әрекетімен көзге түсе алған жоқ.

Сауд Арабиясының чемпионатында «Әл-Хиляль» 53 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал 46 ұпайы бар «Әл-Наср» екінші орында.