«Тобылға» «Эвертонда» ойнаған футболшы келді
Қостанайлық «Тобыл» 27 жастағы тоголездік жартылай қорғаушы Давид Эненмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ойыншы Қостанай клубына еркін агент ретінде ауысқан. Давид Энен мансабын Бельгияда бастады. 2010 жылы футболшы Льеждің «Стандардынан» «Андерлехтке» ауысты. Содан кейін ол ағылшынның «Флитвуд» және «Эвертон» клубтарында, сондай-ақ гректің «Олимпиакосы» ойнаған.
2018 жылы футболшы Бельгияның «Шарлеруа» клубына қосылды. 2020 жылдың қазан айында футболшы Францияның «Гренобль» клубына ауысты.
«Тобылға» ауысқанға дейін Давид Бельгияның «Кортрейк» клубында ойнады.
Энен 2019 жылы Того ұлттық құрамасымен бірге Африка Ұлттар кубогының іріктеу турниріне аттанды.
Того ұлттық құрамасында ол 17 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Ол мансабында барлығы 214 матч өткізді, онда ол 18 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.