Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті

Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Голливуд актері Джейк Джилленхолмен бірге киноға түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл ирдандиялық аралас жекпе-жек шеберінің дебюті.

«Жол бойындағы үй» – 1989 жылы түсірілген осы аттас фильмнің ремейкі.

Туындының тұсаукесер рәсімі 2024 жылғы 21 наурызға жоспарланған. 35 жастағы спортшы бұл киноны төбелес жанрындағы ең айтулы туындылардың бірі болады деп санайды.