Арина Соболенко – Australian Open-нің екі дүркін чемпионы

Арина Соболенко – Australian Open-нің екі дүркін чемпионы
Теннис

Спорт-Экспресс

Мельбурнде жекелей сында әйелдер арасында Аустралия ашық чемпионатының финалы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ақтық сында WTA рейтингінде 15-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэнь мен әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенко кездесті.

Алғашқы сетті Соболенко еш қиындықсыз өз пайдасына шешті — 6:3, екінші кезең де белорус теннисшісінің басымдығымен аяқталды — 6:2. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Соболенко үш, ал оның қарсыласы алты эйс жасаса, үш брейкпойнтты жүзеге асырды. Осылайша, Арина қатарынан екінші рет Australian Open-де топ жарып отыр.

Естеріңізде болса, былтыр ол финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген.