Australian Open-нің финалына шыққан теннисші қыздар анықталды

Australian Open-нің финалына шыққан теннисші қыздар анықталды
Теннис

Sport.ru

Теннистен Австралия ашық чемпионатының әйелдер арасында жекелей сынының финалында Беларусь өкілі Арина Соболенко мен қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz.

Арина Соболенко жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, АҚШ өкілі Коко Гауффты 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша Соболенко қатарынан екінші жыл ақтық мәреге шығып отыр.

Естеріңізде болса, былтыр Австралия ашық біріншілігінің финалында ол қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны ұтып, Australian Open жеңімпазы атанған еді.

Қазір Арина Соболенко әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 2-орында тұр.