Ева Корышева Австралиядағы турнирді сәтті бастады

Ева Корышева Австралиядағы турнирді сәтті бастады
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

14 жастағы қазақстандық теннисші Ева Корышева Австралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

А тобына түскен Ақтөбе теннис мектебінің түлегі алдымен өзбекстандық Эмилия Кимді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін австралиялық Эмили Ченнен айласын асырды – 7:5, 6:0.

Енді Ева Корышева үндістандық Харита Ванкатешпен кездеседі. Өткен жылы осы жарыста астаналық Альбина Кәкенова финалға дейін жеткен еді.