Роналду Сауд Арабиясы чемпионатына бағасын берді

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатына бағасын берді
Футбол

instagram.com/alnassr/

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы футбол деңгейіне баға берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сауд Арабиясында өзімді бақытты сезінемін. Бұл жақта маған жақсы қарайды, бұл чемпионаттың әлеуеті жоғары. Көпшілік бұл жақ Қытайға ұқсайды деп санайды, бірақ олай емес, бұл жақта бәрі басқаша. Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды, яғни алдағы он жылда футбол деңгейі тағы өседі деген сөз. Меніңше, тағы 2-3 жылда Сауд Арабиясы әлемдегі үздік лигалар қатарына енеді, - деді Роналду.

Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді. Жыл қорытындысы бойынша ол клуб және құрама сапында 54 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

Биылғы маусымда португалиялық 25 матчта 24 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.