Александр Недовесов Австралия ашық чемпионатында жеңіліп қалды
Теннис
ҚР ҰОК
Әлемнің 44-ракеткасы қазақстандық Александр Недовесов Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда португалиялық Нуну Боргес – австралиялық Александр Вукичпен кездесті Бірінші партияда португалиялық-австралиялық дуэт 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте Недовесов – Эскобар қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші партияда Н.Боргес пен А.Вукич жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:7).
Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-эквадорлық жұп 2 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелсе, қарсыластары 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.