Александр Недовесов ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Недовесов ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис

ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенс жұбымен шеберлік байқасты. Бірінші партияны қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен тәмамдады.

Екінші сетте де дәл осы есеп (6:3) тіркелді.

Енді Недовесов – Эскобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен күш сынасады.