Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 188-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бейбіт іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Ақыры сол бағытынан айныған жоқ – 6:4.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жукаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Бейбіт іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады.

Дүниежүзілік рейтингіде 228-орында тұрған Тимофей Скатов іріктеу сайысының бірінші айналымында әлемнің 160-ракеткасы, 31 жастағы тәжірибелі босниялық Дамир Джумхурға ұтылып қалды.