Тимофей Скатов Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады

Тимофей Скатов Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады
Теннис

olympic.kz

Австралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстары қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дүниежүзілік рейтингіде 228-орында тұрған Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 160-ракеткасы,31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өзара кім мықтыны анықтады.

Қазақстандық алғашқы сетті 6:4 есебімен өз пайдасына шешкенімен, кейінгі партияларда қарсылас қарымды шықты – 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч екі сағат 15 минутқа жалғасты.

Д.Джумхур іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 134-ракеткасы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.

Қазақстандықтардан Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарын ертең бастайды.