Хоккейден әлем чемпионатының финалистері анықталды

Хоккейден әлем чемпионатының финалистері анықталды
Хоккей

©IIHF

Хоккейден жастар арасында Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында АҚШ құрамасы Финляндияны жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Турнирдің жартылай финалында АҚШ пен Финляндия кездесіп, ойын американдықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бір қызығы, финдер бірінші кезең кейін 2:0 есебімен алда тұрған – Ова Кескинин (екінші минут) мен Расмуса Кумпулайнен (13) мергендік танытты. Екінші кезеңде американдықтар таразы басын теңестірді. АҚШ сапынан Джимми Снуггеруд (33) пен Уилл Смит (38) ерекшеленді. Үшінші кезеңде АҚШ құрамасынан Каттер Котье (57) жеңіс голын соқты.

Енді АҚШ финалда Швециямен кездессе, үшінші орын үшін таласта Чехия мен Финляндия өзара мықтыны анықтайды.

Қола медаль үшін кездесу 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Финал 6 қаңтарға қараған түні финал өтеді (басталуы 00:30-да).