Ислам Махачев жылдың үздік жауынгері атанды

Жекпе-жек
Спорт-Экспресс
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев ESPN нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Махачев UFC чемпионы атағын 2022 жылы алғанымен, 2023 жылы өзін әлемдегі нөмір бірінші жауынгер ретінде көрсетті. Хабиб Нурмагомедовтің жеңіл салмақтағы ізбасары мансабындағы ең сәтті жылын өткізді. 2023 жылдың соңына қарай Махачев салмақ дәрежесінен тыс патша және жылдың құрметті спортшысы атанды, - деп атап өтті ESPN.
2023 жылдың 12 ақпанында Пертте өткен UFC-284 турнирінде Ислам Махачев бес раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен Алекс Волкановскиді жеңді. Осылайша ресейлік спортшы бірінші рет атағын қорғады.
21 қазанда Махачев Абу-Дабидегі UFC 294 турнирінің басты жекпе-жегінде Волкановскиді мерзімінен бұрын жеңді. Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутпен ұтып, екінші рет өз атағын қорғады. Енді оның есебінде 26 жекпе-жекте 25 жеңіс бар.
Қазіргі уақытта Махачев салмақ дәрежесіне қарамастан UFC рейтингінің көш басында тұр.