"Барселона" Левандовскиді сату құнын анықтады
Футбол
©instagram.com/_rl9
Испанияның "Барселона" клубы Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскиді сатуды көздеп отыр, деп хабарлайды BasSport.kz.
Managing Barca мәліметінше, Левандовски "Барселона" сапында 2025 жылға дейін қалуға ниетті. Дегенмен каталон клубының басшылығы футболшыны алдағы жазда сатып, ол үшін 20 млн еуро сұрамақ.
35 жастағы Левандовски "Барселона" сапын өткен жылдың жазында толықтырған. Келісімшарт 2026 жылғы 30 маусымға дейін бір жылға созу мүмкіндігімен жасалған. Ал келісім құны 45 млн еуроны құрады.
Биылғы маусымда польшалық Ла лигада 16 матч өткізіп, 8 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.