Гризманн “Атлетиконың” үздік сұрмергенінің нәтижесін қайталады
Мадридтің "Атлетико" клубы футболдан Испания чемпионатының 18-турында "Хетафемен" тең ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Командалар кездесуі Мадридтегі "Цивитас Метрополитано" стадионында өтіп, 3:3 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапынан Антуан Гризманн (44–ші және 69-минуттар) дубль авторы атанса, тағы бір голды Альваро Мората (63-минут) соқты. Қонақтардан Борха Майораль (53 және 90+3) мен Оскар Родригес (86-минут) мергендігімен көзге түсті.
Айта кетерлігі, "Атлетико" 38-минуттан бастап он ойыншымен қалды, себебі қорғаушы Стефан Савич алаңнан қуылды.
Ал Гризманн "Атлетико" сапында 173-голын соғып, бұл жағынан үздік көрсеткішке ие болған Луис Араганеспен теңесті.
"Атлетико" 35 ұпай жинап, "Барселонамен" қатар тұр. "Хетафе" 26 ұпаймен 8-орында келеді.