"Жағдай мәз емес". Министр допинг дауына іліккен спортшылар жайлы
Ақмола облысы әкімдігі
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылар арасындағы допинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Министр кейінгі үш жылда 133 қазақстандық спортшының допинг дауына іліккенін тілге тиек етті. Ал олардың басым бөлігі ауыр атлеттер екен.
Оның 93-і жазғы Олимпиада спорт түрінің өкілі. Бұл 93-тің 45-і ауыр атлеттер. Соларға жеке тоқталғым келеді. 2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны бесеу, 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді. Бірінші, екінші, үшінші санаттағы құрама команда түгел шеттетілген. Сонда қазір базалық құраманың рөлін жасөспірімдер атқаруға мәжбүр. Яғни жағдай мәз емес. Қазір допингке қарсы орталықпен бірге тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, интернет арқылы спорттық тағамға тапсырыс беру оңай. Спортшылардың көбісі осындай тапсырыспен сапасыз тағамға ұрынып қалып жатады. Яғни допингке саналы түрде бармайтындары да бар. Тіпті интернет пен дәріхананы қойып базардан да сатып алатындар бар. Бұл жұмысты жүйелеп, заңнаманы тағы жетілдіру керек. Өйткен өте көп спортшымыздан айырылып жатырмыз, - деді Ермек Маржықпаев.