Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам делегация қатысады – министр

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам делегация қатысады – министр

Астана қалалық әкімдігі

Астанада келесі жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді (2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында), деп хабарлайды BasSport.kz.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың мәліметінше, бұл аламанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар қатысады деп күтілуде.

Ойындардың бірегейлігі – спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалардың ұштасуында. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрлері кіреді, олар бойынша 110 медаль жиынтығы ойнатылады, - деді министр.

Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулаудың түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама даярлықты бастады, командалар құрамы қалыптасуда, оқу-жаттығу шаралары өткізілуде.