Қазақстандық футболшы Түркия клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов карьерасын Түркия клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Футболшы «Маниса» клубымен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.
30 жастағы ойыншының Петропавлдың «Қызылжар» клубымен келісімшарты жылдың соңында аяқталады. Сонан соң ол еркін агент болады.
Түркия клубы осыны тиімді пайдаланып қалмақ. «Маниса» Түркияның Бірінші лигасында ойнайды, турнирлік кестеде 11-орында тұр.
Тапаловтың нарықтағы бағасы 450 мың еуроға бағаланған.