«Атлетико» клубы сатылымға қойылды
© AFP 2023 / PIERRE-PHILIPPE MARCOU
«Атлетико» Мадрид футбол клубы сатылымға қойылды. Бұл туралы La Sexta сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, «Атлетиконың» бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин клуб президенті Энрике Сересомен бірлесіп клубты сату туралы шешімге келген. Олар клубтың 65 пайыз акциясына иелік етеді.
«Атлетикоға» қызығушылық танытып отырғандар қатарында «Майами Долфинс» клубының иесі Стивен Росс бар. Тараптар кездесу өткізіп те үлгерген тәрізді.
Росс клубқа миллиард доллардан астам қаржы құйып, «Хард Рок Стэдиум» аренасын жөндеу жұмыстарына 500 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған.
Ал Forbes 83 жастағы кәсіпкердің байлығын 10,1 миллиард доллар деп бағалайды.
Қазіргі уақытта «Атлетико» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 34 ұпаймен төртінші орында келеді.