ӘЧ: Бүгін Қазақстан жастары Данияға қарсы ойнайды

ӘЧ: Бүгін Қазақстан жастары Данияға қарсы ойнайды
Хоккей

ҚХФ

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Данияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салады.

Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, Insport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады.

Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті.