Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Теннис
Instagram/dmitrypopko
Қазақстандық Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Дүниежүзілік рейтингіде 504-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда әлемнің 404-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды.
Осылайша Дмитрий Попко финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.