ӘЧ: Бүгін хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриямен кездеседі

ӘЧ: Бүгін хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриямен кездеседі
Хоккей

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынынын Венгрияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдама үшін 10 және 16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:

10.11.2023, 21:00. Венгрия – Қазақстан

11.12.2023, 21:00. Қазақстан – Дания

13.12.2023, 17:30. Қазақстан – Франция

14.12.2023, 17:30. Қазақстан – Жапония

17.12.2023, 00:30. Австрия – Қазақстан.

Ойындар Insport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еліміздің жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин әлем чемпионатында төмендегі хоккейшілердің ойын көрсетуіне мүмкіндік беріп отыр.

Қақпашылар: Владимир Никитин («Chilliwack Chiefs», BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снежные барсы);

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы - «Снежные Барсы»), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шақшақбаев («Номад»);

Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы - «Снежные Барсы»), Александр Ким, Давлат Нүркенов (екеуі - «Assat», Финляндия), Всеволод Логвин, Руслан Оспанов (екеуі - «Барыс»).

Қазірге дейін екі құрама төрт мәрте кездесті. Барлығында отандастарымыз жеңіске жетті.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында төрт мәрте ойнады.

Барлығында жеңімпаз атанды. Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады.

Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жастар жолдастық кездесуде Венгрия және Франция құрамаларынан басым түсті.