Қазақстандық жастар конькимен жүгіруден Әлем кубогында топ жарды

Ұлттық құрама Италиядағы Әлем кубогы кезеңін қос алтынмен аяқтады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының 2-кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 2 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Бүгін нео-сеньорлар арасында (23 жасқа дейінгі конькишілер) 500 метрге жарыста Маргарита Артемьева 40.04 секунд уақыт көрсетіп жеңімпаз атанса, Инесса Шумекова 40.27 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде Нидерланд өкілі Вильде Баасқа (40.96 секунд) бұйырды. Апенин түбегіндегі байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысты.