Жиров: Жәнібекке белбеулерді біріктіретін жекпе-жектер керек

Жиров: Жәнібекке белбеулерді біріктіретін жекпе-жектер керек
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

IBF нұсқасы бойынша бокстан бұрынғы әлем чемпионы Василий Жиров IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының болашағына пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жәнібекке белбеулерді біріктіретін жекпе-жектер керек. Алайда қауымдастықтар өз атақтарын біріктіргісі келмейді, - дейді Жиров.

Еске салсақ, қазан айында Әлімханұлы (15-0, 10 КО) техникалық нокаутпен германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері атанды.

Василий "Балқаш жолбарысы" Жиров - 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері және бірінші ауыр салмақтағы IBF экс-чемпионы.