Шорт-трекші қыздарымыз ел қоржынына қола медаль түсірді

Шорт-трекші қыздарымыз ел қоржынына қола медаль түсірді
Басқа

4-5 қараша күндері Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлықтың чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан сапынан әйелдер эстафетасында (3000м) Корея, Канада және Жапония командаларымен сынға түскен бес спортшымыз 4:16.200 уақытымен мәреге үшінші болып келді.

Команда құрамында Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева бақ сынады.

Бірінші орынды Канада құрамасы иеленсе, екінші сатыға Оңтүстік Корея спортшылары жайғасты.

Ерлер және аралас (микс) эстафеталарында Қазақстан 4-ші орынға тұрақтады.