Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең тарқасты

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең тарқасты
Футбол

«Тобыл» футбол клубы

Бүгін қазақстандық «Тобыл» (Қостанай) футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубымен алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстандық команданың белсенділігі байқалып тұрды. Соған қарамастан алғашқы голды литвалық клуб соғып кетті. Олардың қатарынан қорғаушы Сейдина Кейта 45-минутта мергендік танытты. Ойынның екінші кезеңінде 60-минутта «Паневежис» қақпасына пенальти белгіленген еді. Оны орындау барысында қостанайлық клубтың капитаны Асхат Тағыберген мүлт кетті. Ал 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманя Цавнич баспен гол соғып, таразы басын теңестірді. Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Қарымта кездесу 30 шілдеде Қостанай қаласында болады. Қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Партизан» (Сербия) - «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен ойнайды.Бірінші кездесу 6 тамызда сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 13 тамызға белгіленген.