Саян Хамитжанов «Астананың» директоры қызметіне оралады
Футбол
KazFootball.kz
«Астана» ФК-ның бұрынғы президенті Саян Хамитжанов клубқа қайта оралды. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Клубтың қазіргі басшысы Арслан Беспаев ертеңнен бастап «Астанадан» ресми түрде кетеді. Бұған дейін Хамитжанов елордалық клубта бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Ол «Астана» клубының басшысы ретінде бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанды және бірнеше рет еурокубок турнирлерінің топтық кезеңіне шығып, УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымен де танымал. ҚФФ атқару комитетінің құрамына кіреді.