Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалында Соболенкомен кездеседі
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
6 қазандағы жарыс күнінің орталық матчында Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде әлемнің бесінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) беделді жарыстың жартылай финалына жолдама алу үшін таласады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Тоғыз ай бұрын Елена мен Арина Австралияның Ашық финалында өзара кім мықтыны анықтаған болатын. Сол матчта Рыбакина бірінші сетті өз пайдасына шешкенімен, Соболенко турнирде жеңіске жетті.
2023 жылдың наурызында Елена Аринаны Indian Wells финалында жеңді – 7:6 (13:11), 6:4.
Екеуара кездесу нәтижесі әзірге Беларусь теннисшісінің пайдасында – 4-1.