Қазақстанның Азия ойындарындағы жағдайы өзгерді
Велоспорт
Азиада 2023
©olympics.com
Алтыншы алтынды жеңіп алғаннан кейін Қазақстанның Азия ойындарында медальдік есептегі жағдайы өзгерді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Команданың қоржынына кезекті алтын медальді топтық жарыста бірінші болған велошабандоз Евгений Федоров әкелді. Ал Алексей Луценко күміс медаль жеңіп алды. Осының арқасында Қазақстан 53 медальмен (6 алтын, 12 күміс және 35 қола) 13-орыннан 12-орынға көтеріліп, Индонезияны - 32 (6-10-16) басып озды, бірақ 11-орындағы Ираннан қалып келеді - 40 (6-17-17).
Луценко үшін бұл Азиаданың екінші медалі. Ол бұған дейін жеке жарыста алтын жеңіп алған болатын.
Жарыс ұйымдастырушысы Қытай көш басында тұр – 322 медаль (174-95-53). Одан кейін Жапония - 147 (37-51-59) және Оңтүстік Корея - 149 (33-45-71) тұр.