"Абсолютті чемпион". Сауль Альварес барлық белбеуін сақтап қалды

Бокс

Лас-Вегаста (АҚШ) бокстан орта салмақ дәрежесінде (76,2 келіге дейін) жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альварес америкалық Джермелл Чарлоны жеңіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды және бірауыздан қабылданған шешіммен Канелоның жеңісімен аяқталды.

Осылайша Сауль Альварес екінші орта салмақ дәрежесінде IBF, WBA, WBC және WBO атақтарын сақтап қалды.

33 жастағы «Канело» карьерасында 60-жеңісіне жетті.

Айта кетейік, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен үш рет кездесіп, екі рет ұтып, бір мәрте тең түскен еді.

Сондай ақ, осы жекпе-жектің алдында қазақстандық Бек Нұрмағанбет нигериялық Абимбола Осундайроны тізе бүктіріп, кәсіпқой жолындағы 11-жеңісін тойлады.

Ал Әбілхан Аманқұл америкалық Джошон Джеймстен айла асыра алмай, мансабында алғаш рет қарсыласпен тең түсті.