Жайна Шекербекова Азия ойындарымен қоштасты

Жайна Шекербекова Азия ойындарымен қоштасты
Бокс

Сали Сабиров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Жайна Шекербекова жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Шекербекова Үндістаннан келген Притимен кездесті.

Төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қарсыласқа берді. Сөйтіп, Прити жартылай финалға өтті. 

Бұған дейін қыздардан Римма Волосенко, Назым Қызайбай жарысты ерте аяқтаған. 

 Айта кетейік, Жайна Шекербекова 2022 жылғы Азия чемпионы, сонымен қатар 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.