Адиев қазандағы ойындарға қатысатын футболшылар тізімін жариялады

Адиев қазандағы ойындарға қатысатын футболшылар тізімін жариялады
Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасының қазанда Дания мен Финляндияға қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (бәрі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (бәрі де – «Астана»), Бахтиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

Шабуылшылар: Абат Аймбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Қазақстан құрамасы 14 қазанда сырт алаңда Даниямен, 17 қазанда Финляндиямен кездеседі.