Месси қатыспаған финалда «Интер Майами» қарсыласынан жеңіліп қалды

Месси қатыспаған финалда «Интер Майами» қарсыласынан жеңіліп қалды
Футбол

Матч ТВ

Форт-Лодердейлде (АҚШ) АҚШ-тың ашық футбол кубогының финалдық матчы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл кезеңде «Интер Майами» «Динамо Хьюстоннан» 1:2 есебімен жеңілді. Жеңімпаздар сапынан Гриффин Дорси мен Амин Басси (пенальти) гол соқса, «Интер Майами» клубынан Хосеф Мартинес мергендік танытты.

«Интер» шабуылшысы Лионель Месси команданың өтініміне енбей қалып, ойынға да қатыса алмады.