«Ордабасы» екі жеңілістен кейін есін жинады

«Ордабасы» екі жеңілістен кейін есін жинады
Футбол

Шымкенттің «Ордабасы» клубы премьер-лиганың кейінге қалдырылған 18-турында өз алаңында Атакенттің «Мақтаарал» клубын жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
 Алаң иелері алғашқы минуттан ойын тізгінін қолға ұстағанымен, есеп аша алмай қиналды. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Тек екінші кезеңде 61-минутта Владислав Васильевтың асырған добын Бобир Абдихоликов қақпаға тоғытты.

Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды. Қазіргі кезде «Ордабасыда» 52 ұпаймен «Астанадан» 3 ұпайға алда тұр.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Мақтаарал» (Атакент) – 1:0

Гол: Абдихоликов, 61 (1:0).