Алматыда оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті

Алматыда тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды.
Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.
Оқушылар арасындағы әлем біріншілігіне 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты: Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б.
Жарыстың жалпы жүлдеқоры 8 миллион теңгені құрады.
Әлем чемпионатының қорытындысында «рапид» бойынша жеңімпаз болғандар:
U-15. Ұлдар:
1. Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан);
2. Лес Зауытбек (Қазақстан);
3. Нурел Султашев (Қырғызстан);
3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия).
Қыздар:
1. Айдана Молдабек (Қазақстан);
2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан);
3. Еркежан Асанкулова (Қазақстан);
3. Мадина Есқайыр (Қазақстан).
U-17. Ұлдар:
1. Ернұр Батыр (Қазақстан);
2. Надир Ахметов (Қазақстан);
3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан);
3. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия).
Қыздар 1. Аяна Исахан (Қазақстан);
2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан);
3. Айана Турганалиева (Қырғызстан);
3. Александра Жаворонкова Амиго (Испания).
«Блиц» бойынша жеңімпаздар:
U-15. Ұлдар:
1. Сапар Тамерлан (Қазақстан);
2. Есентай Арсен (Қазақстан);
3. Лес Зауытбек (Қазақстан);
3. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан).
Қыздар:
1. Виктория Белицкая (Қазақстан);
2. Альбина Есмұхан (Қазақстан);
3. Назира Қуатжанқызы (Қазақстан);
3. Жанель Құрманғалиева (Қазақстан).
U-17. Ұлдар:
1. Әділет Бекмахан (Қазақстан);
2. Айдын Жакиев (Қазақстан);
3. Қайрат Тұрарбек (Қазақстан);
3. Салахаддин Агитаев (Қазақстан).
Қыздар:
1. Самира Оразмұханбет (Қазақстан);
2. Аяна Исахан (Қазақстан);
3. Айым Әлібекқызы (Қазақстан);
3. Ақжібек Манарбекқызы (Қазақстан).