Футболшылардың айлығының бір бөлігін әлем чемпионына беру ұсынылды
Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
ММА-дің қазақстандағы белді өкілі Артем Резников еркін күрестен әлем чемпионатында жеңіске жеткен отандық спортшы Ризабек Айтмұханға берілетін сыйақыға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұған дейін Айтмұхан әлем біріншілігіндегі алтын медалі үшін 15 мың доллар алатыны белгілі болған.
Футболшылардың жылдық жалақысының 20 пайызын алыңыздар да, тарихты жаңартқан спортшыға беріңіздер! Қазақстанда батырларды қай кезде де құрметтеген, бірақ ақыр соңында «красавчикпен» шектеледі. Қарапайым халық шын жүректен қолдайды, ал мемлекет мұндай қолдауды қашан бастайды? - деп жазды Резников Instagram-да.
Естеріңізге сала кетейік, Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Айтмұхан Қазақстанға тарихи алтынды сыйлады. 92 келіге дейінгі салмақ өкілі финалда Әзербайжан балуаны Осман Нурмагомедовті жеңді.