Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарын жеңіспен бастады

Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарын жеңіспен бастады
Волейбол
Азиада 2023

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Топтық кезеңнің бірінші турындағы матчта қазақстандық команда Қырғызстанмен ойнады. Матч Қазақстан құрамасының бес партиядағы жеңісімен аяқталды – 3:2 (18:25, 25:23, 25:15, 18:25, 15:11).

Жеребе нәтижелері бойынша Қазақстан Қырғызстан және Қытай командаларымен бірге А тобына түскен.

21 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Қытаймен ойнайды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша топта 1-2-орын алған командалар плей-оффқа шығады.